376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канада-АҚШ шекарасында мигранттарға арналған лагерь салынады

  • 650
  • UPD: 11:08, 11.08.2017

Канада әскерилері АҚШ-пен арадағы шекарада мигранттарға арналған лагерь салып жатыр.

Ол 500 адамға арналған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, соңғы уақытта ел аумағына заңсыз өткен босқындар саны күрт артып кетіпті. Олардың басым бөлігі Гаити азаматтары екен. 2010 жылғы жойқын жер сілкінісінен кейін олар АҚШ-қа табан тіреген болатын. Осыған дейін америкалықтар бұл азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар да қабылдаған. Алайда биыл көктемде АҚШ билігі Гаитиді қауіпсіз мемлекет деп таныды. Осыдан кейін күштеп отанына кері қайтарылудан қорыққан гаитиліктер Канадада бас сауғалай бастаған.

Хабар 24 телеарнасы