387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландтық құс фабрикасы жұмыртқаларды тазалауға улы зат қолданған

  • 443
  • UPD: 23:50, 11.08.2017

Нидерландта құс фабрикасының екі директоры қамауға алынды.

Оларға «жұмыртқаларды тазалағанда фипронилді қолданды» деген айып тағылып отыр. Тергеу барысында күдіктілердің мүліктері тәркіленді.  Бірақ фирма өкілдері оқиғаға байланысты сұхбат беруден бас тартып отыр.

Фипронил жәндіктерді улайтын зат. Жануарларды бүрге мен кенеден қорғау үшін қолданылады, ал тамақ өндірісінде пайдалануға тыйым салынған. Жалпы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы фипронилді адам ағзасына аса зиян заттар қатарына қосқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы