386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысырда екі пойыз соқтығысты

  • 626
  • UPD: 15:07, 12.08.2017

Мысырда пойыз апаты құрбандарының саны артты.

Соңғы мәлімет бойынша, 49 адам ажал құшқан. Жарақат алғандардың саны 130-дан асады. Оқиға кеше елдегі екінші ірі қала Александрияның іргесінде болған еді. Мұнда жүйіткіп келе жатқан пойыз шойын жолда тоқтап тұрған отарбамен соқтығысқан. Салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кетті. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Апаттың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдайға адам факторы себеп болуы мүмкін. Өйткені теміржол бойындағы семафорды іске қосатын қызметкер қателік жіберген деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы