385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда орман өрті өршіп тұр

  • 557
  • UPD: 10:16, 12.08.2017

Португалияның Абрантеш қаласы маңындағы өрттің салдарынан соңғы үш айда 64 тұрғын ажал құшып, 200 адамды күйік шалған.

Табиғат апатының ауқымдылығы соншалық, оны өшіруге 550 өрт сөндіруші  жұмылдырылған. Абрантеш қаласы Лиссабоннан 145 шақырым жерде орналасқан. Қала билігінің хабарлауынша, тұрғындарды эвакуациялаудың қажеттілігі жоқ. Өйткені қауіптің беті қайтқан.  Дегенмен мамандар: «Алдағы күндері өрт қайтадан өршуі ықтимал»,дейді. Себебі демалыс күндері сынап бағанасы 40 градустан түспейді деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы