388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-қа тиесілі жойғыш ұшақ Бахрейнге апатты жағдайда қонды

  • 463
  • UPD: 07:30, 14.08.2017
АҚШ-қа тиесілі жойғыш ұшақ Бахрейнге апатты жағдайда қонды Pinterest

АҚШ әуе күштеріне тиесілі F-18 жойғыш ұшағы Бахрейндегі халықаралық әуежайға апатты жағдайда қонды.

Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, ұшақ Парсы шығанағында зәкірде тұрған «Нимиц» әскери кемесінен ұшып шығып, артынша қозғалтқыштан ақау табылған. 

Жерге қону барысында пилот ұшақтан секіріп кетіп, әскери әуе көлігінің өзі қонуға арналған жолақтан сыртқа қарай ауып кеткен екен. 

Осыған байланысты әуежай жұмысына кедергі келді. 

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы