384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Женевада су бетінде ерекше отшашу шоуы ұйымдастырылды

  • 470
  • UPD: 18:11, 13.08.2017

Женевада дәстүрлі отшашу фестивалі өтті.

Көрген адамды таңдай қақтыратын бұл шоудың ерекшелігі судың бетінде ұйымдастырылады. Мамандардың айтуынша, мұндай отшашу бұрын-соңды болмаған. Пиротехникалық шоуды көру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жылына 1 миллионнан астам саяхатшы келеді. 1947 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан шара биыл да Леман көлінің үстін отпен өрнектеді. Швейцария билігі осы фестивальді өткізу үшін 500-700 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы бөледі. Жалпы музыканың сүйемелдеуімен болатын отшашу бір сағатқа дейін тоқтамайды.

Бернард Казабан, баспасөз хатшысы:

– Бұл – халықаралық фестиваль, өйткені мұндай музыкалық пиротехника көрінісін әлемнің ешбір жерінен таппайсыз. Сондықтан шетелдік саяхатшылар саны жыл сайын артып келеді.

Хабар 24 телеарнасы