389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малидегі БҰҰ-ның өкілдігіне шабуыл жасалды

  • 404
  • UPD: 17:29, 15.08.2017

Малиде лаңкестер Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігіне шабуыл жасап, 7 адам қаза тапты. Тағы 6 бітімгер жараланған. Қаза тапқандардың біреуі ұйым қызметкері, бірі полицей, қалғаны жергілікті күзетшілер.

Оқиға елдің солтүстігіндегі Тимбукту қаласында болды. Содырлар көлікпен келіп, бітімгерлердің базасын атқылаған. Осыдан кейін атыс басталып, әскерилер барлық 6 лаңкестің көзін жойды.

Айта кетейік, содырлар кеше ғана Дуэнца қаласындағы бітімгерлер базасына шабуыл жасап, 2 адамды өлтіріп кеткен еді. Ресми дерекке қарағанда, өткен жылы бұл елде лаңкестердің қолынан 100 бітімгер қаза тапқан. Сондықтан БҰҰ-ның Малидегі өкілдігі әлемдегі қауіпті миссиялардың бірі саналады. 

Хабар 24 телеарнасы