389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэладағы түрмеде бүліктен 37 адам қаза тапты

  • 363
  • UPD: 13:30, 17.08.2017

Венесуэланың Пуэрто-Аякучо қаласындағы түрмеде бүлік шығып, 37 тұтқын қаза тапты.

Оқиға абақтыны бақылауға алу мақсатында жүргізілген арнайы операция кезінде болды. Қамаудағылар сарбаздарға қарулы қарсылық көрсетіп, оның соңы кескілескен ұрысқа ұласқан. Жауынгерлер абақтыны бақылауға алғанымен, 14 сарбаз жараланды. Ал оқиға кезінде түрмеде 105 адам болған. Әзірге бүліктің неден шыққаны белгісіз.

Венесуэла прокуратурасы оқиғаға қатысты тергеу бастады.

Хабар 24 телеарнасы