383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда бір зиратқа жаппай көмілген мәйіттер табылды

  • 394
  • UPD: 17:44, 17.08.2017

Ауғанстанның Сари-Пуль аймағында полицейлер бір қорымға жаппай көмілген 36 адамның мәйітін тапты.

Марқұмдардың арасында 8 бен 15 жас аралығындағы үш бала бар. Қалғандары ер адамдар екен. Қазір сарбаздар осы мекенде басқа да құпия мазарлардың бар-жоқтығын іздестіріп жатыр. Қаза тапқандар Талибан радикалды қозғалысының бақылауындағы Мирзавалан ауылының тұрғындары болуы мүмкін. Өйткені бұған дейін осы мекенге белгісіз қарулы топтың шабуыл жасап, 62 адамды өлтіріп кеткені айтылған еді. Билік болса, мұны тәліптер мен ТГИЛ содырлары бірігіп жасағанын айтты.

Жергілікті тұрғын:

- Ауылға келген бір топ қарулы адам тұрғындарға өздерінің жетекшісі сөз сөйлейтінін, содан кейін босататынын айтып, бір шұңқырдың қасына жинап алды. Бірақ тұрғындар жиналған бойда оларды қырып салды.

Хабар 24 телеарнасы