386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Никарагуа билігі екі мұхитты жалғайтын су арнасын салмақ

  • 800
  • UPD: 19:07, 17.08.2017

Алайда шаруалар ел басшылығының мұндай шешіміне түбегейлі қарсы.

Оған себеп те көп. Ал билік Никарагуа каналының елге тигізер пайдасы ұшан-теңіз екенін алға тартады. 

Үкіметтің қолға алып отырған бұл жобасы Тынық және Атлант мұхиттарын жалғайтын үлкен әрі терең су арнасы болуы тиіс. Бірақ осы өңірдегі шаруа қожалықтары оған қарсы. Себебі фермерлер жерінен айырылады. Әрі Никарагуа көлінің экологиялық жүйесіне және тағы бірнеше табиғи қорыққа нұқсан келеді.

Бьянка Джаггер , құқық қорғаушы:

- Менің ойымша, Никарагуа арнасы – бос сандырақ жоба. Президент Даниэль Ортега адамдардың жерін тәркілеп, үлкен қателік жасап отыр.

Наразылық танытушылар биліктен №840 заңды қайта қарап, жоюды сұрайды. Өйткені құжатқа сәйкес Никарагуа гонконгтық компанияға каналды 50 жылға жалға беретіні айтылған.

Бьянка Джаггер, құқық қорғаушы:

- Президент біздің маңызды әрі ең қымбат табиғи қазбаларымызды, көлімізді шетелдік компанияға сатып жатыр. Бұл – фермерлер мен байырғы халықтың өміріне үлкен қауіп.

Франциска Рамирес, жерді қорғау ұлттық кеңесінің жетекшісі:

- Биліктің бар істеп жатқаны біздің құқығымызды аяқққа таптау. Ел басшылығы шаруаларға аталған заңды түсіндіріп, қажетті шараларды қолға алуға кедергі жасап келеді.

Ал билік құны 50 млрд долларға есептелген Никарагуа арнасы көрші Панама еліндегі каналға бәсекелес болады дейді. Ені кең әрі терең қазылатын арна теңіз қатынасын едәуір жеңілдетуі тиіс. Бұдан бөлек миллионға жуық жұмыс орны ашылып, елдің ішкі жалпы өнімі 15%-ға өседі. Алайда табиғатты қорғаушылар жоба жүзеге асса, 400 мың гектар тропикалық орман кесіліп, экологиялық апатқа ұрынамыз дегенді айтады. 

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Жадыра Джазина

Хабар 24 телеарнасы