385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада НАФТА бойынша келіссөздер басталды

  • 765
  • UPD: 19:33, 17.08.2017

Канада, АҚШ және Мексика елдері Нафта жөніндегі келіссөздерді бастап кетті.

Құрама Штаттар өкілі Роберт Лайтхайзер құжатқа бірқатар өзгерту енгізілетінін алға тартты. Дегенмен қалған екі елден  келген қатысушылар ресми Вашингтонның бұл пікірмен келіспей отыр. Мексиканың экономика министрі Ильдефонсо Гуахардоның ойынша, Нафтаны жаңартуға болады, бірақ оған түбегейлі өзгертулер қажет емес. Ал ресми Оттаваның сыртқы істер министрі Христя Фриланд үш елге еркін сауда келісімі өз пайдасын тигізіп отырғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдында Дональд Трамп НАФТА келісімін қайта қарау немесе одан мүлдем бас тарту туралы айтқан болатын. Оның ойынша, НАФТА-ның қазіргі шарттары АҚШ экономикасына тиімсіз.

Хабар 24 телеарнасы