376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Судан халқы елден қашып жатыр

  • 1257
  • UPD: 14:14, 24.08.2017

Оңтүстік Судан халқы басы ауған жаққа босып жатыр.

Бір ғана көрші Угандаға бас сауғалаған босқындар саны 1 миллионнан асып кетті. Бұл мәліметті БҰҰ жария етті. Халықаралық қауымдастық өкілдері тағы миллионнан астам Оңтүстік Судан азаматының өзге көрші мемлекеттерге өткенін айтады. Жағдайдың бұлай ушығуына азаматтық соғыс себеп. Елде үкімет жасағы мен вице-президент жақтастары арасындағы қарулы қақтығыстың жалғасып келе жатқанына 4 жылға таяп қалды. 2015-ші жылы тараптар бейбіт келісімге қол қоймақ болған еді. Алайда бұл әрекеттерінен ештеңе шықпады.

Элизабет Ниарувон, босқын:

Біз көп қиындық көрдік. Атыс-шабысқа құлағымыз үйреніп қалған. Амандығымыз үшін алаңдап, өзге жаққа кетуді ұйғардық. Әзірге уақытша лагерьді паналауға мәжбүрміз.

Хабар 24 телеарнасы