389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камбрильс пен Барселонадағы лаңкестік шабуылдар бір-бірімен байланысты болып шықты

  • 503
  • UPD: 13:54, 18.08.2017

Каталонияның Ішкі істер министрлігі Камбрильс пен Барселонадағы лаңкестік шабуылдардың бір-біріне байланысты екенін растады.

Бұл туралы «Ассошиэйтед Пресс» агенттігі хабарлады.

Барселонадан 120 шақырым жердегі Камбрильс қаласында бейсенбі күні кешкілік 5 лаңкес шағын автобуспен бір топ жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Полиция олардың өзін жойды. Оқиға салдарынан 7 адам жараланған. Жапа шеккендер арасында полицей қызметкері де бар.

Бұған дейін дәл сол күні Барселонаның саяхатшылар көп шоғырланған ауданында шағын автобус адамдарды таптап өтіп, салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 100-ден астамы жапа шеккен еді.

«Бұл шабуылдар өзара ұқсас әрі бағыттас. Араларында байланыс бар», – деп мәлімдеді Каталония Ішкі істер министрлігінің кеңесшісі Хоакин Форн.

Хабар 24 телеарнасы