389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барселонадағы лаңкестік әрекеттен 24 елдің азаматы жапа шекті

  • 701
  • UPD: 16:50, 19.08.2017
Барселонадағы лаңкестік әрекеттен 24 елдің азаматы жапа шекті Фото: Point.md

Барселонадағы терактіден 24 елдің азаматы жапа шекті.

Бұл туралы El Periodico хабарлады.

Зардап шеккендер арасында Испания, Франция, Германия, Ұлыбритания, Ирландия, Австрия, Бельгия, Нидерланд, Венгрия, Румыния, Грекия, Македония, Түркия, АҚШ, Аргентина, Венесуэла, Перу, Куба, Эквадор, Қытай, Тайвань, Филиппин, Кувейт және Пәкістан азаматтары бар. Бұған дейін Барселонадағы лаңкестік әрекеттен 18 елдің азаматы жапа шеккендігі хабарланған еді.

Естеріңізге сала кетейік, 17 тамызда Барселонаның орталығында шағын автобус бір топ халықты басып өтті. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланды.

Бұдан кейін Барселона маңындағы Камбрильс қаласында шағын автобус жаяу жүргіншілерді баспақ болған кезде көлік аударылып қалған. Оқиғадан 7 адам жапа шекті.

Хабар 24 телеарнасы