389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда 3 күндік аза тұту жарияланды

  • 443
  • UPD: 22:38, 18.08.2017

Испанияда Барселонадағы лаңкестіктен қаза тапқандарды аза тұту шарасы өтіп жатыр.

Мыңдаған адам Каталония алаңына жиналып, қайғылы оқиға болған орынға гүл шоқтарын қойып, шырақтар жақты. Испания королі Фелипе VI,  Премьер-министр Мариано Рахой, Каталония үкіметінің төрағасы Карлес Пучдемон және басқа да ресми өкілдер лаңкестіктен көз жұмғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Барселона футбол клубының ойыншылары да теракт құрбандарына тағзым етті. Елде алдағы үш тәулік аза тұту күні болып жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы