389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еурокомиссия терактілерден зардап шеккен Испанияға көмектесуге дайын

  • 404
  • UPD: 06:43, 19.08.2017

Еуропалық одақ лаңкестік әрекеттерден зардап шеккен Испания еліне жәрдем көрсетуге дайын.

Бұл туралы Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер мәлімдеді.

Бірлестік мүшелері Барселона мен Камбрильстегі шабуыл құрбандарының құрметіне үнсіздік минутын жариялап, көңіл айтты. Брюссельдің өзінде лаңкестік қауіптің 3-деңгейі орнаған. Испаниядағы оқиғаға байланысты мұнда қауіпсіздік шаралары одан әрі күшейтілді. 

Анника Брейдхардт, Еуропалық комиссияның өкілі: 

- Еуропалық комиссия төрағасы Испания премьер-министрі Мариано Рахойға жазған хатында лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. Жан-Клод Юнкер бұл оқиғаны бейбіт халыққа қарсы жасалған әрекет деп танып отыр.

Галина Құмарова, саяхатшы:

- Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтқым келеді. Әрине мені бұл лаңкестік әрекет үрейлендірді. Жақында өзім Барселонаға барайын дедім. Енді Испанияны көре алмайтыным анық. Еуропаға саяхат жасау қауіпті болып бара жатыр.

Хабар 24 телеарнасы