388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камбрильстегі лаңкестік шабуылды ТГИЛ өз мойнына алды

  • 434
  • UPD: 20:48, 19.08.2017

Испанияның Камбрильс қаласында жасалған шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды.

Бұл туралы «Амак» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, 18 тамызға қараған түні осы Камбрильс қаласында жүк көлігін тізгіндеген қаскөйлер жаяу жүргіншілерді қаққан болатын. 1 адам қаза тауып, тағы алтауы жараланды. Арнайы операция кезінде 5 лаңкестің көзі жойылған. Ал бұдан ертерек Барселонада да ұқсас оқиға болды. Шағын автобус туристер арасында танымал жерде жүрген жұртты қаққан еді. Соңғы мәлімет бойынша, 14 адам ажал құшып, 130-ы жараланған. Кейін бұл қастандықты да атышулы «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» мойнына алған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы