385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТГИЛ Сургуттағы шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

  • 436
  • UPD: 20:27, 19.08.2017
ТГИЛ Сургуттағы шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды Фото: Ирина Швец / РИА Новости

Сорақысы сол «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» Ресейдің Сургут қаласының орталығындағы шабуылды да өз мойындарына алды.

Айта кетейік, бүгін таңертең бетіне бетперде киген ер адам жұртқа пышақ ала жүгіріп, 7 кісіні жаралаған болатын. Жапа шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, 4 адам ауыр халде жатыр. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қаскөйдің көзін жойған. Өйткені ол тұтқындау кезінде қарсылық көрсетіпті. Ресейдің тергеу комитеті төтенше жайдайдың мән-жайын анықтаумен айналысып жатыр. «Кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Хабар 24 телеарнасы