387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сьерра-Леонеде тырысқақ жайылып кету қаупі бар

  • 425
  • UPD: 23:16, 20.08.2017

Сьерра-Леонедегі тасқыннан кейін тырысқақ дендеп кетуі мүмкін.

Өйткені апаттан су тазалайтын құрылғылар істен шыққан. Тұрғындар ауызсуға зәру. Жергілікті биліктің хабарлауынша, табиғи апаттан 400-ден астам адам қаза тапқан. Ал 600-і із-түзсіз кеткен. Ел астанасы Фритаундағы су мыңдаған адамның баспанасын басып қалды. Халықаралық ұйым өкілдері Сьерра-Леонеге гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр. Бірнеше ел қаржылай демеу жіберуге әзір екендіктерін айтты.

Хабар 24 телеарнасы