383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда 74 жастағы альпинист тау үстінде апта бойы су мен шоколадты азық қылған

  • 456
  • UPD: 09:02, 21.08.2017
Жапонияда 74 жастағы альпинист тау үстінде апта бойы су мен шоколадты азық қылған zakon.kz

Жапонияның солтүстік аумағындағы тауда жоғалған 74 жастағы альпинист апта бойы су мен шоколадты қорек еткен.

Қарияны жексенбі күні құтқарушылар тобы тапты.

Бұл туралы Вести.ru хабарлады.

NHK телеканалының хабарлауынша, Киёюки Цуцуи Хиросимадан Ниигатаға тауды бағындыру үшін келген. Алайда таудың үстіне шыға бергенде аяғы тайып, сүрінген.

Цуцуидің жоғалғаны туралы тек жұма күні белгілі болған. Полиция бөліміне оның туысқандарының бірі шағымданған. Іздестіру шарасында құтқарушылар тобы жексенбі күні ғана қарияны тікұшақ арқылы байқаған. Қазір оның денсаулығы ойдағыдай. 

Хабар 24 телеарнасы