384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тынық мұхитының тұңғиығынан тарихи олжа табылды

  • 479
  • UPD: 15:29, 21.08.2017

72 жыл бұрын тұңғиыққа батып, ұшты-күйлі жоғалып кеткен америкалық ауыр крейсер – «Индианаполистің» қалдықтары Тынық мұхитынан табылды.

Ол шамамен 5 жарым шақырым тереңдіктен анықталған. Әзірге нақты мекені хабарланған жоқ. Соңғы мәліметтерге қарағанда, су көлігі 1945 жылдың 30 шілдесінде құпия тапсырманы орындап келе жатқанда құрдымға кеткен. Оны жапон сүңгуір қайықтары Филиппин теңізінде шабуылдап, күл талқан еткен. Ең өкініштісі, апат кезінде әскери кеме бортында 1200 жауынгер болған. Олардың тек 316 ғана құтқарылды. Бұл АҚШ әскери флотындағы ең үлкен шығын әрі жеке құрам жауынгерлерінің жаппай қазасы еді. Кеме сол кезде «балақай» деп аталатын құпия тапсырманы орындап, ел есінде қалды. Ол жоғалардан бір апта бұрын ғана Хиросимаға атылған атом бомбасының бөлшектерін жеткізіп беріп отырған.

Пол Аллен, зерттеуші топтың басшысы:

– Бұл зерттеуді су асты археологиясын дамыту мақсатында жүргіздік. Сонымен қатар кемемен бірге батып кеткен азаматтардың ерлігіне тағзым етіп, құрмет көрсеткіміз келді.

Хабар 24 телеарнасы