387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландтың бұрынғы премьері абақтыға жабылуы мүмкін

  • 307
  • UPD: 17:38, 25.08.2017

Таиландтың Жоғарғы соты елдің бұрынғы премьер-министрін қамауға алуға ордер берді.

Алайда Йинглак Чинаваттың өзі үкіммен танысуға келмеген. Дегенмен оның қорғаушылары сот шешімін жариялау күнін сотталушының науқастануына байланысты басқа уақытқа ауыстыруын сұраған. Алайда Йинглак Чинаваттың денсаулығы нашарлап кеткендігін растайтын медициналық анықтаманы алып келсе ғана сот ордердің күшін жоймақшы. Бұрынғы премьер-министрге күрішті кепілге қойып сатып алу мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда немқұрайлылық танытты және сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген айыптар тағылып отыр. Яғни күрішті сатып алу процесі нарықтағыдан әлдеқайда жоғары бағамен жүргізілген көрінеді. Салдарынан 14,8 миллиард доллар көлемінде экономикалық зиян келген. Йинглак Чинават тағылған айыптарды мойындамай отыр. Оны жақтаушылардың сөзінше, экс-премьердің саяси қарсыластары айыптау актілерін қолдан жасаған. Егер кінәсі дәлелденген жағдайда ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы