386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та «Харви» дауылынан 5 адам қаза тапты

  • 437
  • UPD: 14:27, 28.08.2017

АҚШ-тың Хьюстон қаласында «Харви» дүлей дауылы басылар емес.

Ұйытқыған желден 5 адам қаза тапты. Тағы бірнеше кісі түрлі жарақат алды. Ол аздай, дауылдан кейін қаланы су басты. Құтқарушылар қауіпті аймақтардан тұрғындарды қайықпен алып шығуға мәжбүр. Полицейлер үй төбелеріне шығып жансақтауға кеңес берген. Өйткені су деңгейі көтеріліп жатыр. Шаһар түгелдей дерлік жарық көзінен ажыратылған. Президент Дональд Трамп Техас штатына арнайы келіп, табиғи апаттың салдарын өз көзімен көрмек.   

Хабар 24 телеарнасы