389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мальтада май жағылған бөрененің үстімен жүгіруден сайыс өтті

  • 290
  • UPD: 18:36, 29.08.2017

Мальтаның Сент-Джулианс қаласында «шаһарды қорғаушы әулиеге» арналған дәстүрлі фестиваль өтті.

Мұнда сайысқа қатысушылар май жағылған бөрененің үстімен жүгіріп келіп, суға секіреді. Тек секіре салмай, ағаштың басындағы жалаушаны іле кетуі тиіс. Сайыста салы суға кеткендер көп болғанмен, ептілері де табылып жатады. Бұл жолғы жүлде Иван Бартоли есімді жергілікті тұрғынға бұйырды.

Иван Бартоли, жеңімпаз:

- Өте қуаныштымын! Өйкені бұл менің алғашқы жеңісім. Жарысқа қатысып келе жатқаныма 11 жыл болды. Сайыс өте қиын. Алайда алға мақсат қойған соң төзімді болып, істі аяғына жеткізу керек.

Хабар 24 телеарнасы