388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кабулдегі АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды

  • 415
  • UPD: 16:24, 29.08.2017

Ауғанстан астанасы Кабулдегі АҚШ елшілігіне жақын жерде жарылыс болып, 4 адам қаза тапты.

Тағы 8 кісі жараланған. Теракт «Кабул банктің» кіре берісінде кісі қарасы көп кезде жасалған. Беліне жарылғыш байлаған лаңкес өзін жарып жіберді. Әзірге шабуылды ешқандай топ мойнына алған жоқ. Лаңкестіктен АҚШ елшілігі қызметкерлерінің жапа шеккені белгісіз. 

Айта кетейік, мамырдың 31-і күні Германия елшілігінің қасында күшті жарылыс болып, 90 адам ажал құшқан. Жарылыстың күштілігі соншалық, 30-дан астам көлік жанып кеткен еді.  

Хабар 24 телеарнасы