389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit кезінде Ирландия Республикасын Еуроодақта қалдыру көзделіп отыр

  • 540
  • UPD: 17:45, 05.09.2017

Еуропалық одақ Брекзит жөніндегі келіссөздерде Ирландия мүддесін қорғайды. Бұл жөнінде одақтың бас өкілі Мишель Барнье мәлімдеді.

Ол Брюссель қаласында Ирландияның сыртқы істер және сауда министрі Саймон Ковенимен кездескен болатын. Қос тарап Ирландия мен Ұлыбритания шекарасының болашағы жөнінде талқылады. Яғни Ұлыбритания Солтүстік Ирландиямен бірге одақтан шығады. Ал Ирландия Республикасы қалады. Сондықтан шекараға қатысты жан-жақты келіссөздер жүргізіп, барлық тарапқа ортақ шешім қабылдануы керек дейді Барнье.

Мишель Барнье, Brexit бойынша ЕО бас өкілі:

- Келіссөздер барысында Ирландияның мүддесін бүкіл Еуроодақ қорғайды. Мен бұл жөнінде Дублинде де айтқанмын. Қазір Одаққа мүше елдер мен институттар ортақ мақсатты ұстанып, мәселенің дұрыс шешілерінен үмітті.

Саймон Ковени, Ирландияның сыртқы істер және сауда министрі: 

- Біріккен Корольдікпен тығыз қарым-қатынаста болып келген Ирландия қазір тығырыққа тірелді. Өйткені Ұлыбританияның одақтан шығуы біздің елге жағымсыз әсер етеді. Сондықтан бұл мәселенің шешімі біз үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы