378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экономикалық қиындықтар Brexit-ті болдырмауы мүмкін

  • 364
  • UPD: 18:33, 06.09.2017

Егер Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуы экономикалық қиындықтарға әкеліп соқса, қоғамдық пікір өзгеріп, ел басшылығы ауысатын түрі бар.

Ал бұл өз кезегінде Brexit-ті болдырмауы мүмкін. Британиялық саясаткер мен кәсіпкер, қауымдар палатасының мүшесі Майкл Хезелтайн осындай пікірде. Кезінде Маргарет Тэтчердің билікке келуіне атсалысқан ақсақал екі жылдан кейін өтетін сайлауда Тереза Мэй жеңіліске ұшырайтынын болжап отыр. Ал Ұлыбритания 2019 жылдың наурыз айында Еуроодақ құрамынан шыға алмайды дейді ол.

Майкл Хезелтайн, саясаткер:

Қазірде Консерваторлық партияның жікке бөлінгенін байқап жүрміз. Бұл неге әкелетінін әзірше болжау қиын, бірақ бір ауыз пікір болмауы түсінікті. Түйіні шешілмеген мәселе көп, бірақ оның бәрі бір сауалға әкеп тұр. Еуроодақтан шығайын деп отырған елге бірдей екі орындыққа отыруға жол беріле ме? Бұл тұрғыда Еуропалық одақ оған келіспейтінін айтып отыр.

Еуроодақ құрамынан шығатыны туралы белгілі болғаннан кейін әлем бойынша бесінші ірі экономика саналатын Ұлыбритания нағыз күйзеліске ұшырады. Халықаралық инвесторлар жаңа қаржылық орталық іздеуге кірісті. Стерлинг фунты құнсызданып, британдықтардың Еуроодақ елдеріне барып-тұруы мен жұмыс табуы қиындап кетті. Енді Brexit қарсыластары «Наразылық күзі» деп аталатын шаралар өткізуді көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы