387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Сирия үкіметін елде химиялық қару қолданды деп айыптады

  • 643
  • UPD: 12:56, 07.09.2017

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия үкіметін елде бірнеше рет химиялық қару қолданды деп айыптады. Ұйымның тәуелсіз комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, билік әскері 20-дан аса химиялық қару қолданған. Әсіресе Хан-Шейхун қаласында жиі пайдаланған.

Еске сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Сирияның әскери әуе күштері елді мекен маңайына тыйым салынған зарин газымен бомба тастаған еді. Шабуылдан 100-ге жуық адам қаза тапты. Дені әйелдер мен балалар. 200-дей адам зардап шекті. Шабуылдан кейін Сирия оппозициясы мен Батыс елдері қаруды үкімет жасағы қолданды деп дабыл қақты. Алайда ресми Дамаск шабуылды мойындаған жоқ. 

Хабар 24 телеарнасы