387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия «химиялық қаруды қолданды» деген айыпты жоққа шығарды

  • 475
  • UPD: 11:28, 09.09.2017

БҰҰ-ның араб еліндегі тұрақты өкілдігінің айтуынша, Дамаск ешқашан өз азаматтарына қарсы улы газ қолданбаған және қолданбайды да.

Бұл туралы сириялық «Сана» агенттігі хабарлайды. 

Еске сала кетейік, осы аптаның басында БҰҰ ресми Дамаскқа «химиялық қару қолданды» деген айып таққан болатын. Ұйымның тәуелсіз сарапшыларының деректерінше, Сирия әскері улы затты 20 рет қолданған. Әуе күштері екі жыл бұрын Хан-Шейхун елді мекеніне зарин деп аталатын улы газ таратқан болатын. Салдарынан 80 адам қаза тауып, 200-дей бейбіт тұрғын химикаттың зардабын тартты.  

Хабар 24 телеарнасы