389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте палау басудан әлемдік рекорд орнатылды

  • 759
  • UPD: 10:24, 11.09.2017

Өзбекстан астанасы Ташкентте палау басудан әлемдік рекорд орнатылды.

Бұл жолы аспаздар тай қазанда 7 тонна 360 келі палау пісіріп, жетістігін Гиннестің рекордтар кітабына жаздырды. Асты әзірлеу үшін 1,5 тонна қой еті, 1 тонна 900 келі күріш, 2,5 тоннадан астам сәбіз бен 220 келі пияз қосылған. Бұдан бөлек, дәмдеуіштің бірнеше түрі тағы бар. Ала тақиялы ағайындардың ұлттық асы «Өзбегім» деп аталатын дәстүрлі мәдени фестиваль аясында әзірленді. Оны пісіруге елдің түкпір-түкпірінен 50 аспаз атсалысқан. Ал дайын болған дәм фестиваль қонақтарына балалар және қарттар үйіне таратылды.

Каримджон Абдураззоков, фестиваль қонағы:

- Осы палауды көру үшін Бекабад қаласынан арнайы келдім. Өзіммен бірге бала шаға, немерелерімді де ертіп алдым. Әрқашан асымыз көп, жұртымыз тыныш болсын! Ал мемлекетіміз гүлдене берсін!

Хабар 24 телеарнасы