Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосулдағы лагерьге бір жарым мыңға жуық адам орналастырылды

  • 411
  • UPD: 19:16, 11.09.2017

Ирак билігі бір жарым мыңға жуық адамды Мосулдағы арнайы лагерьге орналастырды. Дені – әйелдер мен балалар.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» жендеттерінің жақындары болуы мүмкін.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, арасында Түркия, Ресей, Еуропа мен Орталық Азия елдерінің азаматтары бар. Дегенмен біразының қай мемлекеттен келгені әлі анықталмай отыр. Өйткені бұл әйелдердің құжаттары жоқ.

Ал атышулы «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» бұл шаһарды 2014-ші жылы басып алып, бейресми астанасына айналдырған еді. 9 айға созылған қиян-кескі ұрыс нәтижесінде биыл шілдеде елдегі екінші ірі шаһар экстремистерден толық азат етілген.

Мелани Маркхам, босқындар ісі жөніндегі норвегиялық кеңестің өкілі:

– Бұл лагерьдегі жұрттың көбі аянышты күй кешіп жатыр. Біз сумен, азық-түлік және басты қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз. Олардың болашағын болжау қиын. Өйткені бұл азаматтарға лагерьден шығуға рұқсат етілмейді. Осы ретте Ирак билігінен нақты шешімдер күтіп отырмыз. Себебі лагерьде күштеп ұстау адам құқығын таптау болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы