386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британия мен Швеция рохинджалықтар мәселесін БҰҰ-да қарастыруды ұсынды

  • 350
  • UPD: 21:57, 12.09.2017

Рохинжа халқының аянышты тағдыры әлем жұртын алаңдатып отыр. Осы қасіретті жағдайға байланысты Ұлыбритания мен Швеция өкілдері рохинджалықтарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс мәжілісін өткізуге шақырды.

Зейд Раад аль Хусейн, БҰҰ адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссары:

- Рохинджа халқы өкілдерінің құқықтары жүйелі түрде бұзылып жүргенін былтырдың өзінде ескерткен болатынмын. Мұны адамгершілікке қарсы қылмыстың түріне жатқызуға болады. Сондықтан іске соттың араласуы тиіс. Мьянма билігі БҰҰ өкілдерін елге жіберуден бас тартқандықтан, рохинжа халқының қазіргі жағдайын білу де, бағалау да мүмкін емес. 

БҰҰ жариялаған мәліметтерге сәйкес, бір айға толар толмас уақыт ішінде Мьянмадан 270 мың адам қашып шыққан. Тамыз айының аяғында рохинжа жасақтары полиция бекеттеріне шабуыл жасағананан кейін Ракхайн штатындағы жағдай ушығып кетті. БҰҰ өкілдерінің пікірінше мұндағы жағдай халықаралық құқық ережелеріне сай келмейді. Мьянма өкіметі мен рохинжа өкілдері елдегі қантөгіске қатысты бір-бірін кінәлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы