387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Ауғанстанға тағы 3 мың сарбаз аттандырады

  • 444
  • UPD: 13:36, 19.09.2017

АҚШ Ауғанстанға тағы 3 мың сарбазын аттандыратын болды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің өкілі Майкл Эндрюс мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шара АҚШ президенті Дональд Трамптың Оңтүстік Азияға қатысты стратегиясына сәйкес қолға алынып отыр. Бірақ дұшпан өз мақсатына пайдаланып кетпеуі үшін жауынгерлердің нақты саны мен қару-жарақ туралы жария етуден бас тартты. Бұған дейін АҚШ әскерилері Ауғанстандағы америкалық сарбаздардың саны 11 мың екенін мәлімдеген. 

Айта кетейік, Құрама Штаттар ауған жеріндегі әскери операциясын 2001 жылы бастаған болатын. Ұрыс қимылдары кезінде АҚШ-тың 2,5 мыңдай жауынгері қаза тауып, 17 мыңы жараланған. Ал 2014 жылдан бері мұнда НАТО миссиясы әрекет етеді. Оның басты міндеті – үкімет жасағын жаттықтырып, тәжірибе алмасу.

Хабар 24 телеарнасы