384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр

  • 451
  • UPD: 22:04, 23.09.2017

Ұлы Жібек Жолының бастауы Қытайдың Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр.

Осымен 7 рет ұйымдастырылған ауқымды шараға әлемнің 76 елінен 4 мыңға жуық өкіл келген. Жиынның мақсаты «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында жүзеге асып жатқан халықаралық жобалардың әлеуетін арттыру. Қытай мен Еуразия елдері стратегиялық бастаманы жүзеге асыру үшін байланыстарын тереңдете түспек.

Форум барысында Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев та бірқатар кездесулер өткізді. Мәселен, Шэньси провинциясының губернаторымен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасын өзара ұштастыру мәселелерін талқылады. Қазақстан өңірлері мен Шэньси провинциясының ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық, транзиттік-көліктік саладағы әріптестігі бойынша бұрын жасалған келіссөздерді пысықтады. Еуразиялық экономикалық форумға Павлодар және Жамбыл облыстарынан келген делегация өкілдері де қатысты.

Хабар 24 телеарнасы