387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Норвегияда электромобильдер үшін көптеген жеңілдік бар

  • 482
  • UPD: 10:21, 24.09.2017

Норвегияның Финней аралы жан басына шаққанда әлемдегі ең көп электромобиль жүретін мекен.

Себебі жасыл көлік иелері аралды құрлықпен байланыстыратын өткел арқылы тегін жүреді. Ал жанар-жағармаймен қозғалатын көлік жүргізушілері үңгіржол салуға кеткен құнды қайтару үшін салық төлейді. Нәтижесінде әр электр көлігінің иесі жыл сайын 6 жарым мың еуро үнемдейді. Дегенмен билік елдің басқа да өңірлерінде электромобильдер үшін көптеген жеңілдік бар екенін айтады. Ал ресми дерекке сүйенсек, Норвегия экологиялық көлік саны бойынша әлемде алда. Олар елдегі көліктің 29 пайызын құрайды. Екінші орында 6,4 пайызбен Нидерланд тұрса, үшінші орында Швеция елі.

Арнэ Нордбоэ, жергілікті тұрғын:

– Иә, маған осындай ұсыныс жасап, мен онымен бірден келістім. Қазір құрлыққа тегін қатынаймын. Бірақ 10 жылдан кейін адамдардың барлығы электрмобильге немесе қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығармайтын көлікке көшетін шығар деп ойлаймын. Сол кезде жолақысы бәрінен бірдей алынатын болар.

Хабар 24 телеарнасы