389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда парламенттің кіші палатасы тарқайды

  • 556
  • UPD: 07:39, 26.09.2017

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу үшін парламенттің төменгі палатасын тарқататынын мәлімдеді.

Айтуынша, депутаттар 28 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатады. Ал сайлау 22 қазанда өтуі мүмкін. Елдегі сарапшылардың айтуынша, премьер-министр мұндай қадам арқылы қазіргі сәтте абыройының жоғарылаған тұсын өз пайдасына шешуді көздеп отыр. Өйткені шілде айында халық арасындағы оның беделі 30%-ға дейін төмендеп кеткен. Ал бүгінде 50%-ға жетті. Оның үстіне елдегі оппозициялық топтар арасында алауыздық күшейген. Синдзо Абэ егер осы жолы билікте қалса, әлеуметтік салаға дем беріп, Солтүстік Кореяға қарсы қатаң саясатты жалғастыруға уәде етті.

Синдзо Абэ, Жапония премьер-министрі: 

- Қарттарымыз көбейіп, халық санының өсімі дағдарысқа ұшырап жатыр. Оның үстіне Солтүстік Кореямен арамыз да күн сайын ушығып барады. Осындай қиын-қыстау сәтте алдыңғы шепте жүрып, елімді алға жетелесем деймін. Сайлау өткізу арқылы біз Солтүстік Кореяға қарсы қадамдарымызға қоғамның қалай қарайтынын нақты білеміз. Қазіргі жағдайды мерзімінен бұрын сайлау өткізуден басқа ұтымды жол көріп тұрған жоқпын.

Хабар 24 телеарнасы