386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрелік ету кезеңін қорытындылады

  • 469
  • UPD: 14:14, 28.09.2017

Министрлер кабинетінің өкілдері алда шешімін таппаған мәселелер бар екенін жасырмады. Оларды жүзеге асыру үшін уақыт керек деп отыр. Әсіресе Одаққа мүше елдер тізе қосқанда ғана түйінін тарқатуға болады деген сенімде.

Одақ алдына қойған мәселелерді шешу үшін үлкен күш керек. Айыр қалпақты ағайын жалғыз өздерінің күші келмесін біледі. Сондықтан қырғыз үкіметі Одаққа мүше елдерде өнідірілген тауарларға жеңілдік тарифін енгізу жайын бірілесе отырып шешу керек дейді. 

Игорь Панкратов, Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің төрағасы:

- Өкінішке қарай, тауарларға жасалған жеңілдік тарифінің артықшылығы айқын емес. Өйткені ол жағы енді қалыптас бастады. Одақ аумағында өндірілген өнімдер өзге елдің тауарларымен бір дәрежеде нарыққа еніп отыр. Біз алдағы уақытта одаққа мүше елдердің тауарларына жасалатын жеңілдікті кеңінен қарастыруымыз керек.

Одақ нарығында қырғыз кәсіпкерлері шешуі тиіс мәселелер жетерлік. Үкіметтегілер тауар өндірушілер әлі күнге дейін ескі жапсырмалары бар өнімді экспорттап жатыр дейді. Ал, отандық тауарларға сұранысты арттыру үшін қырғыз кәсіпкерлері біраз еңбектенуі керек екен. 

Семён Уралов, экономика сарапшысы:

- Қырғызстан еңбек нарығын зерттеп алғаны жөн. Кейін әлеуеті зор өңірлердегі нарықты көздегені дұрыс. Мәселен Урал арқылы Екатерирнбург, Челябинск пен Пермьнің нарығына шығуға мүмкіндік мол. Сібірдің нарығы да пайда әкеледі. Онда қазір азық-түлік тауарына сұраныс өте жоғары.

Бір ай бұрын елде Одақтың техникалық тәртібі күшіне енді. Демек, алдағы уақытта кәсіпкерлер тауарларын бекітілген стандартқа сай өндіруі тиіс. Әрине мақсатқа бірден қол жеткізеді деп айту ерте. Дегенмен, алдын ала дайындық бар. 

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы