386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада нашақорлар орталығына шабуыл жасалды

  • 427
  • UPD: 19:42, 28.09.2017

Мексикада әлдекімдер түн мезгілінде нашақорлар орталығына баса-көктеп кіріп, емделушілер мен мекеме қызметкерлеріне оқ атты.

Салдарынан 14 адам ажал құшты. Автомат асынған қаскөйлер дереу бой тасалап үлгерген. Қазір іздестіріліп жатыр. Дерек бойынша, қылмыскерлер «Ацтектер» тобының мүшелері болуы мүмкін. Айта кетейік, бұл ұйымдасқан топтың Мехикодағы адам өлтіру қылмыстарына қатысы бар. Бұған дейін Тихуана қаласында да осындай оқиға болып, қаскөйлердің қолынан 13 адам жазым болған еді. Ал олардың жастары небәрі 14-20 аралығында.

Оскар Апарико, мемлекеттік қауіпсіздік комиссары:

– Бізге келіп түскен ақпарат бойынша, мұндай орталықтарда «Ацтектер» тобының мүшелері ем қабылдайды. Біздің ойымызша, атыстың себебі осы. Қазір тәртіп сақшылары кінәлілерді іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы