386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ басшысы елдегі салық көлемін төмендетпек

  • 486
  • UPD: 19:41, 28.09.2017

Ақ үй басшысы Дональд Трамптың әкімшілігі елдегі салық көлемін азайтуға бағытталған реформа жариялады.

Жоспар бойынша кәсіпкерлерден алынатын салық 35 пайыздан 20 пайызға дейін азаюы тиіс. Президент өзінің сайлауалды бағдарламасында салық көлемін 15 пайызға азайтамын деп уәде берген. Алайда оның бұл қадамын Лос Энджелз Таймс сынға алды. Яғни Трамптың жобасы бизнеске қолайлы болғанымен, ескерілмеген тұстары көп. Мәселен, саясаткерлер, бюджетке салықтан түсетін қаржының орнын қалай жабатыны туралы түсінік бермеген. Ал Дональд Трамптың өзі салықты азайту экономикалық өсімге әкелетінін, ал шығын өзін-өзі жабатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы