388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мьянма билігі БҰҰ-ның Бас хатшысын елге шақырды

  • 585
  • UPD: 14:00, 29.09.2017

Сөйтіп Ракхайн штатындағы жағдайды көзбе-көз көріп қайтуды ұсынып отыр.

Өйткені бұған дейін халықаралық қауымдастық өкілдері осы өңірдегі ахуалға қатысты алаңдаушылық білдірген болатын.

У Танг Тун, Мьянманың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі:

- 2 қазанда Мьянманың Янгон қаласындағы дипломатиялық корпус өкілдері мен тілшілер Ракхайн штатының солтүстігіне барып қайтады. Осы ретте Мьянма билігі БҰҰ-ның Бас хатшысы мен оның орынбасарын да өңірге келуге шақырып отыр. Бұл рохинджалардың жағдайын өз көзімен көріп қайту үшін жасалған мүмкіндік. 

Айта кеткен жөн, тамыздың аяғында рохинджа ұлтынан құралған қарулы топ Мьянмада полиция бекеттері мен әскери бөлімшелерге шабуыл жасаған болатын. Осыдан кейін аймақтағы ахуал шиеленісіп, қарапайым рохинджалар Бангладешке бас сауғалаған. Сөйтіп бір ай ішінде көрші елге ағылғандар саны жарты миллионнан асып кеткен. БҰҰ өкілдерінің айтуынша, бұл соңғы жылдарда өңірде тіркелген босқындардың ең ірі легі. Қазір қайырымдылық ұйымдары олардың жағдайына қатысты алаңдаушылық танытып отыр. Өйткені Бангладеште уақытша баспанада тұрып жатқан рохинджалар арасында азық-түлік пен таза ауызсу тапшы. Сондай-ақ санитарлық жағдайы нашар көрінеді. Сондықтан мамандар алдағы уақытта тырысқақ індеті өршіп кете ме деп алаңдап отыр.  

Хабар 24 телеарнасы