384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Monarch Airlines компаниясының 100 мыңнан астам жолаушысы еліне қайта алмай отыр

  • 333
  • UPD: 15:23, 02.10.2017

Ұлыбританияда Monarch Airlines (Монарк Эйрлайнз) компаниясы қаржылық қиыншылыққа байланысты рейстерін тоқтатып, 100 мыңнан астам жолаушы еліне қайта алмай қалды.

Бірлестік сапарларды толық тоқтатынын таяуда мәлімдеді. Гэтвик әуежайында компанияның барлық тіркеу орындары жабылды. Біррікен Корольдіктің Азаматтық авиация басқармасы да мәлімдеме жасап, алды ала тапсырыс берілген 300 мыңнан астам билеттен бас тартылғанын айтты. Қалыптасқан жағдайға байланысты ағылшын үкіметі аталған мекемеге шетелдегі жолаушыларды еліне қайтару үшін 30 ұшақты жалдау керегін жеткізді.

Айта кетейік, Тұманды Альбиондағы ірі компаниялардың бірі болып саналатын Monarch Airlines нарықтағы бәсекелестікке шыдамай, осы жылдың бас кезінде инвесторлар іздеп, түрлі шараларды қолға алған еді. Бірақ басшылықтың мұндай қадамынан еш қайран болмады.

Хабар 24 телеарнасы