387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Анкарада қазан айында саябақтар мен орталық алаңдарда ауқымды іс-шаралар өткізуге тыйым салынды

  • 441
  • UPD: 14:07, 03.10.2017

Түркия астанасы Анкарада қазан айында саябақтар мен орталық алаңдарда мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

Қала басшылығы бейбіт шерулер ұйымдастыруға да рұқсат бермейтін болды. Анкара муниципалитетінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың тыныштығы мен лаңкестік оқиғалардан сақтану үшін қабылданып отыр.

Естеріңізде саламыз, осыдан екі жыл бұрын қазан айының 10 күні Түркия тарихында ең ірі террорлық оқиға тіркелді. ТГИЛ содырлары Анкара қалалық теміржол вокзалының маңында өткен митингіде жарылыс ұйымдастырып, 100-ден аса бейбіт тұрғынның өмірін қиды. Алайда биыл қанды қырғын құрбандарын еске алуға арналған жиын қала әкімшілігінің сақтық шараларына байланысты өткізілмейтін болды.

Хабар 24 телеарнасы