388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жер тұрғындары Марс қабатындағы дыбыстарды 2021 жылдан бастап ести алады

  • 534
Жер тұрғындары Марс қабатындағы дыбыстарды 2021 жылдан бастап ести алады The Christian Science Monitor

«ExoMars-2020» миссиясы Марстың қабатынан диктофонға дыбыстар жазып алуды жоспарлап жатыр.

Бұл туралы «ExoMars-2020» ғылыми жобасының ресейлік бөлімінің жетекшісі Даниил Родионов хабарлады.

- Метеорологиялық кешенге микрофон енген. Бұл идея, яғни Марс қабатындағы дыбыстарды жазу жаңалық емес, бірақ бұдан не шығатынын көреміз. Әрине, енді келешекте қабаттың суреті секілді бізде ондағы дыбыстардың жазбасы болады, – деді Даниил Родионов.

Метеокешенге микрофоннан бөлек, жарықтылық құрылғысы, желдің жылдамдығы, температуралық құрылғылар, ылғалдылық құрылғысы мен шаң-тозаң құрылғысы бекітіледі.

Аталмыш аппараттың жіберілуі 2021 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қытай ғалымдары да 2020 жылға қарай Марсқа ғарыштық-тәжірибелік миссия жіберетін жоспарларымен бөліскен болатын.

Хабар 24 телеарнасы