386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лас-Вегастағы атыс салдарынан зардап шеккен 300 адам ауруханадан шығарылды

  • 461
Лас-Вегастағы атыс салдарынан зардап шеккен 300 адам ауруханадан шығарылды cdn1.img.ria.ru

Бұл туралы қаланың шерифі Джозеф Ломбардо мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ауруханаға жеткізілген 489 адамның 300-інен астамы шығарылды. Сондай-ақ ол атысты ұйымдастырған Пэддоктың жасырын күн кешкендігін айтып өтті.

- Кенеттен атыс ашу мұқият жоспарланған. Ол 10 жыл бойы қару-жарақ жинап, жасырын күн кешіп келген, – деді Ломбардо.

Естеріңізге сала кетейік, Лас-Вегаста дүйсенбіге қараған түні жергілікті тұрғын Стивен Пэддок музыкалық фестивальге келген адамдарға оқ отып, аяусыз қырды. Салдарынан 58 адам қаза болды, ал 500-ден астамы жараланды. Соңында қаскөй өзін-өзі атты.

Бұл атыс АҚШ тарихында қару қолданудан құрбандар саны көп оқиға болды.

Хабар 24 телеарнасы