384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орталық Америкада «Нейт» дауылынан 22 адам қаза тапты

  • 428
  • UPD: 10:01, 07.10.2017

Кариб бассейнінде «Нейт» деп аталатын тағы бір алапат дауыл соғып, дүлей желден Орталық Америкадағы Никарагуа мен Коста-Рика елінде 22 адам қаза тапты.

15 тұрғын жоғалып кетті. Коста-Рикада төтенше жағдай жарияланып, 3 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жойқын дауыл нөсерге ұласып, елді мекендерді су басып жатыр. Теміржолдағы қатынас тоқтатылып, жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді. Мамандар дүлей желдің АҚШ аумағына бет алғанын айтады. Ол алдымен Юкатан жарты аралына, содан кейін Флорида, Луизиана және Алабама штатына соқса керек. Қазір бұл аймақтарда қауіптің алдын алуға қам-қарекет жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы