387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда 4 тонна кокаин тиелген кеме қолға түсірілді

  • 446
  • UPD: 08:16, 08.10.2017

Испания полицейлері шамамен 4 тонна кокаин тиелген кемені қолға түсірді.

Сондай-ақ онда отырған 7 адамның барлығы да қамауға алынған. Қаскөйлер есірткіні кеменің ас әзірлейтін бөлмесінің астындағы кабинаға жасырып қойыпты. Арнайы операция Канар аралдарынан 900 шақырым жерде жүргізілген. Қаскөйлердің кокаинды Колумбиядан Испанияға жеткізбек ойлары болған екен. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы