384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысырда 13 жауынгерді дарға асады

  • 680
Мысырда 13 жауынгерді дарға асады img.rosbalt.ru

 

Мысырлық Гиза қаласының криминалды соты 13 адамды дарға асу жазасына кесті.

Оларға 2013 жылдан бастап 2015 жылдың мамыр айына дейін Гиза және Каир қалаларына шабуыл жасады деген айып тағылып отыр. Белгілі болғандай, Гиза ұлттық қауіпсіздігін директорын, полиция офицерін және генералды өлтірген, сондай-ақ пирамидалар маңында орналасқан полиция бөлімшесіне шабуыл жасап, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін өлтірген. Бұдан бөлек, олар жарылғыш заттар дайындаумен айналысқан. Рұқсатсыз қару қолданып, полиция көліктері мен меншігін жойған, христиандарды өлтірген.

Өлім жазасына кесу үкімі мүфти кеңесіне қарауға жіберілді. Жауынгерлер ісі бойынша шешуші үкімді 7 желтоқсан күні сот шығарады.

Хабар 24 телеарнасы