385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралиялықтар үнді компаниясының кенді игеруіне қарсы шеруге шықты

  • 381
  • UPD: 20:00, 09.10.2017

Австралияда мыңдаған тұрғын мен табиғат қорғаушылар үнділік Adani Enterprises компаниясының Квинсленд штатындағы «КарМайкл» көмір кенін игеруіне қарсы наразылық шеруіне шықты.

Сидней қаласының жағалауында мыңға жуық адам «Аданиды тоқтат» деген жазу түзеді. Өйткені бірлестік қаржылық қиыншылықтың салдарынан бірнеше жылдан бері кейінге шегеріп келген орынды игеру жоспарын қайта қолға ала бастаған. Ал шерушілердің айтуынша, бұл жоба өңірдің ғана емес, жер шарының да экологиялық ахуалына кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, мамандар Adani компаниясының өз елінде де заң талаптарын бұзып, қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіріп отырғанын айтады.  

Хабар 24 телеарнасы