386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эль-Хавиджаны миналардан тазарту басталды

  • 410
  • UPD: 09:51, 10.10.2017

Ирак әскерилері жақында лаңкестерден азат етілген Эль-Хавиджа қаласын миналардан тазартуды бастады.

Шаһар Мосул қаласындағы қарулы топтарды талқандаған соң содырлардың негізгі бекінісіне айналған еді. Енді «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымы жендеттерінің қолында тек елдің батыс бөлігіндегі Сириямен шекаралас аймақтағы жерлер ғана қалып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Эль-Хавиджаны азат ету операциясы қыркүйектің ортасында басталған. Сарбаздар шаһармен бірге жау қолынан оның маңындағы 98 ауылды босатып, Тикрит-Киркук тасжолын бақылауына алды. Ал БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, операцияға дейін қалада 80 мыңға жуық адам болған.

Хабар 24 телеарнасы