386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде мемлекеттік қызметкерлер жаппай ереуілге шықты

  • 449
  • UPD: 09:35, 11.10.2017

Францияда мемлекеттік қызметкерлердің жаппай ереуілдері белең алды.

Наразылық шарасының ең ауқымдысы ел астанасы Парижде өтті. Ашынған жұрт президенттің экономикалық реформаларына қарсы бас көтеріп отыр. Билік енгізген өзгеріс әлеуметтік төлемдерді кемітуді көздейді. Сондай-ақ алдағы 5 жыл ішінде мемлекеттік сектордағы 120 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарланып отыр. Наразылық акциясы кесірінен бірқатар мектеп, балабақша мен ауруханалардың жұмысы уақытша тоқтатылған. Ереуілдер әуе қатынасының қызметін тежеп, бүкіл Франция бойынша жоспарланған сапарлардың 30 пайызы кейінге шегерілді.

Хабар 24 телеарнасы